1-12 ақпан аралығында бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған апталық қорытындысы туралы бірлестік жетекшісінің мақаласы » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 1-12 ақпан аралығында бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған апталық қорытындысы туралы бірлестік жетекшісінің мақаласы
19
февраль
2021

1-12 ақпан аралығында бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған апталық қорытындысы туралы бірлестік жетекшісінің мақаласы

«Қаратұма орта мектеп-балабақшасы» КММ-сінің
Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетті.
2020-2021 оқу жылы
Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұнындағы – оқытудың тәсілдері»
Мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын, сабақта алған білімдерін дамыту, қызығушылығын арттыру
2021 жылдың 27.01.2021 -05.02.2021 күндері аралығында бастауыш пән бірлестігінің
онкүндігі өткізіліп, және осы онкүндік барысында пәндердің оқытылу деңгейі , оқу бағдарламасының орындалуы , таңдау курстарының жүргізілуі зерделенді.
Онкүндік барысында бекітілген жоспар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілді.
Бірлестіктің онкүндігінің ашылуы «Жаңартылған білім мазмұнындағы – оқытудың тәсілдері» атты тақырыпта ашылды.Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты қашықтықтан оқушыларды бірлестік жетекшісі онкүндіктің жалпы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Апталықта өткізілген сабақтардың ұйымдастырылуы мен формасы әр түрлі болды
27.01.2021 ж. 2 сыныптың жетекшісі А.Ү.Батырбаева математика пәнінен «Көбейту мен бөлудің байланысы» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақты «Бір қадам алға» әдіс арқылы көбейтудің компоненттерін еске түсірумен сабақты тартысты бастап кетті.Жаңа сабақты түсіндіруде АКТ-ны қолдана отырып, «Bilimland.kz» сайтынан видеотүсіндірілім көрсетіліп,ресурстар пайдаланылды. «Ізден,ойлан,тап!»әдісін қолдана отырып №2 тапсырманы өздік жұмыс ретінде орындатты.Бұл тапсырманы оқушылар жарыса орындады.«Білім сандығы» парақшалары таратылып беріліп,оқушылар өзін-өзі бағалады. Сабақта қалыптастырушы бағалауды гүл шоқтары арқылы жүргізіп отырды. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып,берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындалды.
28.01.2021 ж күні 4 «А» сынып жетекшісі Чаикова К.А. қазақ тілі пәнінен «Шығыс септік»
тақырыбында ашық сабақ өтті. «Сымсыз телефон» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтады. «Семантикалық карта»бойынша үй тапсырмасы тексерілді.Жаңа сабақты ашу мақсатында «аудио-визуалды» әдіс арқылы жаңа сабақтың мақсатын ашты. «Түртіп алу»әдісі бойынша жаңа сабақты қалай меңгергендерін байқады. Осы сабақты қалай түсінгендерін білу мақсатында постер қорғатты.(Әр қатардан 1-1 балаға). «Бағдаршам әдісі бойынша оқушылар өздерін өздері бағалады.Сабақ соңында балалар бір-біріне тілектер айтты. Бұл жерде мұғалімнің негізгі жұмысы – сабақ мақсатына сай керекті сапалы тапсырма ұсынған. 30.01.2021 ж 1 сыныпта жетекшісі Турарбекова Ж.К. ағылшын тілі пәнінен «Vegetables» атты ашық сабағын өткізді.Қайталау сабағы «Менің қарным ашты», «Мен шөлдедім» тақырыпта болды.Мұғалімнің бұл сабақтағы қол жеткізген мақсаты жаңа сөздердің мағынасын түсіну және қолдана білуге үйрету.Үй тапсырмасын сұрауда «Суреттер сыры» әдіс-тәсілін қолдана отырып,суреттердің астына атауларын әріптермен оқушылар өздері жазып шықты.Жаңа сабақты видео түсіндірілім арқылы түсіндіріп, мәтінді оқып беріп,талдатты.Оқушылар мәтін бойынша оқулықтағы кейіпкерлердің кімнің қарны ашқанын,кімнің шөлдеп тұрғанын тауып,белгіледі.Мұғалім сабақтың мақсатына жетті.Білім алушылар жаңа сөздерді жаттап,айтып бере алды.Кері байланыста «Ақылдың алты қақпағы» әдісін пайдаланды..
1.02.2021 ж 3 сынып жетекшісі Каирбекова Н.А.қазақ тілі пәніне «Зат есімнің тәуелденуі»тақырыбында ашық сабақ өтті.Мұғалім үй тапсырмасын сұрауда «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы зат есімнің тәуелденуіне мысалдар келтіртті.Жаңа сабақта АКТ-ны қолдана отырып «Bilimland.kz» бойынша видео көрсетіп,сол бойынша тапсырмаларды орындатып,сұрақтарға жауап алды. «Мен саған,сен маған» әдісін қолданып мәтінді оқытып,талдау жасатты.Әр қатарға жеке жұмыс беріп,зат есімдерді 3 жақта тәуелдетті. «Артығын алып таста» ойыны арқылы тәуелдеулі зат есімдерді тауып жазды.Әр тапсырмадан кейін «От шашу», «Бас бармақ», «Қолпаштау» арқылы қалыптастырушы бағалау жасалып отырды. «Жетістік баспалдағы»арқылы кері байланыс жасалды. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып,берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады.Ашық сабақ барысында АКТ-ны пайдаланылып, 4 дағды да қамтылылды.Бұл жерде мұғалімнің негізгі жұмысы – сабақ мақсатына сай керекті сапалы тапсырма ұсынған.02.02.2021 ж 4 «Б» сынып жеткшісі М.С.Батырбаева әдебиеттік оқу пәнінен «Жылға жақсы тілек» тақырыбында ашық сабақ өткізді.«Миға шабуыл» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсірді .Жылға жақсы тілек тақырыбында презентация қолданды. 5 бармақ әдісін қолдана отырып оқушылар кері байланысқа түсті.Тесттер шешілді.Сұраққа-жауап бере отырып,өз пікірлерін дәлелдеді. «Ой толғаныс » кезеңінде кесте бойынша сұрақтарға жауап берді.Тірек сөздермен жұмыстар жүргізілді.Жұмыс дәптерлеріне сөздікпен жұмыс,сұрақтарға жауаптар жазғызды.Кері байланыста әр оқушы жеке дәптерлеріне жазғанын оқып,ойларын ортаға салды. Сабаққа негізделген оқу мақсатына жете алды.
04.02.2021 ж 4 «А» сыныбында Л.Г.Кусаинова музыка пәнінен «Музыкадағы жыл мезгілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Миға шабуыл»әдісін қолдана отырып үй тапсырмасын сұрады. «Ой шақыру» әдісі арқылы жаңа сабақты сұрақ жауап ала отырып оқушылардың қызығушылықтарын туғыза білді.Оқушылар Абай Құнанбаевтың лирикалық өлеңдерін айта отырып , планшетке видеоролик жасады.
«Галереяны шарлау» әдісі арқылы 4 қатар 4 мезгілдегі табиғат құбылысына суреттер салды.Жаңа сабаққа қатысты жаттығу жұмыстары жүргізілген соң білім алушыларға «Жау,жау,жаңбыр» әнін орындатты.
Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім өзінің шеберлігін көрсете отырып, қолдана білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және стикерлер арқылы кері байланыс жасатты. Бұл жерде мұғалімнің негізгі жұмысы – сабақ мақсатына сай керекті сапалы тапсырма ұсынған.05.02.2021 ж 1 сынып жетекшісі М.Х.Канагатова сауат ашу пәнінен «Х х дыбысы мен әрпі» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.Мұғалім үй тапсырмасын сұрауда «Табан іздері» әдіс-тәсілін қолдана отырып өтілген әріптерге білім алушылар сөздер құрап айтты.Жаңа сабақта «Сұрақ жауап» әдісі арқылы берілген тапсырмаларды орындады. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы жаңа сөздердің мағыналарына түсіндірме жұмыстары жасалды. Сабақты бекіту кезеңінде «Маймылды тамақтандыр» деп алып бананның артындағы тапсырмаларды орындады. Білім алушылар «Бас бармақ» смайликтері арқылы бірін-бірі бағалады.
Апталық барысында сыныптан тыс іс-шаралар да назардан тыс қалмады. Батырбаева А.У «Күнделік-оқушы айнасы» деп алып,2-4 сынып оқушыларының күнделіктерін тексеріп,нәтижесінде «Үздік күнделік» иесі анықтады.3 сынып оқушысы Жүнісқан Айарудың күнделігі барлық талапқа сай болып танылып,ынталандыру сыйлығы берілді.Каирбекова Н.А. ұйымдастыруымен өткен «Ең үлгілі дәптер» көрмесі де өз жеңімпазын тапты.Жазу каллиграфияларын,әріптердің емлесін,қосылуын басты назарға алынып,жеңімпаз 4 «А» сынып оқушысы Әуелғазы Іңкәрға бұйырды.Сонымен қатар ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай қашықтықтан өткізген Республикалық «Мұқағали мұрасы-ұрпақ қазынасы» атты көркемсөз байқауына қатысып 1-4 сынып оқушылары І дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Менің балалық арманым» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында ғылыми жоба сайысы өткізілді.Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Бал бізге не үшін қажет?» тақырыбында 4-сынып оқушысы Әбділдәбек Жанерке марапатталды. Жетекшісі Батырбаева М.С. Апталық барысында Daryn.
online білім беру платформасында функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған
республикалық олимпиадаға оқушыларымыз бен мұғалімдеріміз қатысып І ,ІІ ,ІІІ дәрежелі орындарды иеленді.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Бастауыштан қанасың,
Білімнің нәрлі сырына.
Рас, бастауыш сынып жайлы айта берсек өлең де, қанатты сөз де өте көп. Менің мақсатым мұндай өлеңдердің мән-мағынасына тоқталу емес, өлеңде айтылған ойдың шындығын дәлелдеу.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда бұл ұжымдағы мұғалімдердің жауапкершілікпен аянбай еңбек етуінің нәтижесі деп білемін. Әріптестеріме алдағы жұмыстарына сәттілік пен толағай табыстар тілеймін.

Похожие публикации:

05 январь 2020 Іс-шаралар
04 январь 2020 іс-шаралар
14 октябрь 2019 Әдістемелік кеңес