Педагог кәсіби бағдар берушінің «Менің болашақ мамандығым» атты апталығы 3-7 сәуір аралығындағы өтілуі туралы мәлімет » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог кәсіби бағдар берушінің «Менің болашақ мамандығым» атты апталығы 3-7 сәуір аралығындағы өтілуі туралы мәлімет
10
апрель
2023

Педагог кәсіби бағдар берушінің «Менің болашақ мамандығым» атты апталығы 3-7 сәуір аралығындағы өтілуі туралы мәлімет

1. Мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу;

2. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты   дұрыс таңдай білуге, таңдаған мамандығының өз білімділігімен қабілетімен сәйкес келуіне бағыт бағдар беру;

3. Түрлі мамандық иелерімен кездесіп, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, ғылымға  деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;


Дүйсенбі 03.04.2023 жылы «Менің болашақ мамандығым» атты апталықтың ашылуы болды. Оқушылар апталық жоспармен таныстырылды.

Сейсенбі 04.04.2023 жылы «Тауып көр мамандық иесін» оқушыларға тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: Оқушыларға арналған  тренинг олардың бойындағы мынадай маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, басшылықпен, әріптестерімен  сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет. Тренинг тағы мынадай қасиеттерді: балаға позитивті қарым-қатынас, оқушыны эмоцияналды қабылдау, олармен тілдесудің коммуникативті амалдарын дамыту, өзін-өзі регуляциялаудың эффективті тәсілдерін қалыптастыруға көмек береді. 

Сәрсенбі 05.04.2023 жылы «Менің ата-анамның мамандығы» сурет көрмесі ұйымдастырылды. . «Менің ата-анамның мамандығы» тақырыбында видеороликтер жасады. 

Бейсенбі 06.04.2023 жылы мамандық иелерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды

Мақсаты: Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне  ықпал  жасау;

Кездесуге қатысқан қонақтар:

1. Ауылымыздың дәрігері –Жағыпарова Айгерім Оразгалиевна                                                                  

2. Ауылымыздағы әкімшіліктің бас маманы Кынырбекова Айнұр Бейсенбаевна                         

3. Ауылымыздың полиция аға лейтенанты Турдыбеков Ардақ Талғатович                                                                                          

4. Мектебіміздің түлегі «Тарбағатай Ұлттық паркінің» орман шебері Батырбаев Айдын Серікқанұлы
 5. Мектебіміздің түлегі мал дәрігері маманы Солтанбек Мерей Аманғазыұлы 

Жұма 07.04.2023 жылы «Мамандық әлемі» сахналық сайыс болды. Соңында жеңімпаздар марапатталды

Мақсаты: Мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
 







                                                                Орындаған педагог кәсіби бағдар беруші Кынырбекова Т.Ж.