Робототехника кабинетінің ашылу салтанаты » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2018

Робототехника кабинетінің ашылу салтанаты

Мектептегі Робототехника кабинетінің ашылу салтанаты.

Қыркүйек айының ең алғашқы күні білім күнінде Қаратұма орта мектебінде «робототехника» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына ауыл әкімі, Бас дәрігер, ауылдың Ақсақалдар алқасының төрағасы, зейнеткер ұстаздар, мектеп директоры, ата-аналар, оқушылар қатысты. Кабинеттің ашылу салтанатында лентаны кесу кезегі кабинеттің ашылуына демеушілік көрсеткен ең қомақты қаржы қосқан Батырбаев Ардақ Болатбекұлына берілді. Ауылдың ардақты анасы кабинетке демеушілік көрсеткен Мерекенова Лаззаттың анасы Үміт апамыз шашу шашып кабинет мұғалімдері Кынырбекова Т.Ж. мен Мұқаш Ш.М. кабинетке берілген жабдықтарымен таныстырды. Ашылу салтанатына келген қонақтар кабинеттің жабдықтарын көріп, болашақта осындай демеушілік жасайтындықтарын атап өтті.

Робототехника кабинетінің мұғалімі Кынырбекова Т.Ж.