04
январь
2020
іс-шаралар
Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай І жарты жылдықта
ұйымдастырылған іс-шаралар есебі
«Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ-сінде оқу жылының басында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай І жарты жылдықта ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспары жасалып бекітілді.
09-19 қыркүйек 2019жылы "Қаратұма орта мектебі және балабақша" КММ-сінде қазақтың біртуар перзенті, бас ақыны хакім Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған "Адамзаттың Абайы" тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында білім алушылар ұлы ақынды әр қырынан таныды. Ашылу салтанатының тақырыбы - «Абайды білмек парыз ойлы жасқа». Әнші Р.Стамғазиевтің орындауындағы Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» әнінің бейнеклипімен ашылған жиында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдері үш тілде орындап, көрермен көңілін серпілтті. Онкүндіктің жоспары таныстырылып, оқушылар мен мұғалімдер ұлы ақынның өлеңдерін жарыса оқыды. Жоспар бойынша мәнерлеп оқу сайысы, Абай әндерінің байқауы, қарасөздерінің тағылымын танытатын дөңгелек үстел, аудармаларын нақышына келтіре жатқа оқу күндері өтті. Технология пәні мұғалімдері Абай заманында қолданылған қолөнер бұйымдары туралы слайд дайындап, кітап көрмесі ұсынылды.
Барлық сыныптарда "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп!" тақырыбында тәрбие сағаттары өтіліп, сынып кабинетерінде ақынға арналған бұрыштар ұйымдастырылды. "Абай шығармалрындағы табиғат көріністерінен" қабырға газеттері сайысы өтті. Әсіресе білім алушылар үшін "Абай сүйген спорт" күніндегі тоғыз құмалақ
жарысы өте тартысты өтті. Онкүндіктің ең сонғы күні "Білектей арқасында өрген бұрым» сайысымен қорытындыланды. Осындай іс-шаралардан тұратын онкүндік нәтижесінде өз мақсатына жетті.
Ұлы хакім Абайдың қарасөздері арқылы рухани тәрбие беру ұрпаққа зор адамгершілік тәрбие беретіні сөзсіз. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін Абай қарасөздері жазылған «Уақыт» стенді орнатылды. Стенд эстетикалық талапқа сай, ұлттық нақышта жасалып көпшіліктің назарын аударуда.
2019 жылдың 28-30 қазан күндері 40 оқушы Үржар – Абай - Семей бағытында өлкетану саяхатында болып қайтты. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғаныныа 175 жыл толуына орай және оқушылардың демалыс уақыттарын тиімді өткізу үшін ұйымдастырылған бұл саяхаттың мақсаты – қазақтың маңдайына біткен Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты ұлы тұлғалардың басына тәу етіп, олардың көзі тірі кезінде тұтынған заттарын өз көздерімен көріп. Өз өлкелерінің асыл қырларын танып-білу.

Теги:
admin