Ата-аналарға кеңес » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2019

Ата-аналарға кеңес

Ата-аналарға кеңес

- Сіз өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет-балаңыз, үшінші рет-немереңіз барады екен.
- Сан ғасырлық танымдық-тәлімдік дәстүрлік "ата-ана"жолынан өткен Сіз сияқты адамдар -нағыз педагог екенін ұмытпаңыз!
- Әке-жанұяның нағыз тірегі, отбасы,балалар үшін асқар тау, сая-бақ, алып қорған және теңдесі жоқ педагогикалық қазына, қайталанбас тұлға.
- "Әкеге қарап ұл өседі" демекші, ұл бала сіздерден іскерліктің, ерліктің, тәкаппарлықтың, имандылықтың, мұрагерліктің асыл нәрлерінен дәріс алып, тек Сіздердің арқаларыңызда ғана өмірге қанат қағатынын есіңізде сақтағайсыз.
- Ана-жанұяның жаны мен сәні, жылуы. Өз балаларыңыз үшін сіз ешқандай жанмен салыстыруға келмейтін, қасиетті, ұлы педегогикалық қазына екенін біле бермейсіз.
-"Шешесін көр де қызын ал "демекші қыз бала сіздерден сұлулықты, нәзіктікті, парасаттықты, ісмерлікті, мейірімділікті, қарапайымдылықты тәмәмдай отырып сіздің жалғастырушысына айналатынын ұмытпағайсыз
- "Қыз бала шырақ, ұл бала-тұяқ" демекші, ұлдарыңыз бен қыздарыңыздың сана-сезімдеріне алғаш педагогикалық ой тастап, олардың ой-өрістеріне терең назар аударатын тек қана Сіздер ғанасыздар!
-"Тәрбие бесіктен басталады" демекші, ана сүтінен нәр алып,әке мейірімінен құрышын қандырған сәби-болашақ заманымыздың асыл ойлы, есіл азаматын дайындаудағы алғашқы саты екенін ұмытпағайсыздар?
- Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанмен, оның өмірінің көп бөлігі әкесі мен шешесінің жанында өтеді екен.
- Баланың білімінің шыңдалуына мектептің және бір ғана мұғалімнің шеберлігі жете бермейді, сондықтан сіздерге де еріксіз мұғалім болуға тура келеді.
- Қиялсыз баланың көңілі мен санасы бос.Ал оның санасына қиялды әкеле алатын, оны қызықтыра алатын-ата мен әженің ертегілері, аңыздары, өткен өмірлеріндегі әңгімелері болмақ.
- "Балалы үй- базар, баласыз үй-мазар" демекші, халқымыз өте балажан, балабауыр екенін есіңізде саұтағайсыз.
" Әр баланың - өз ырысы бар" демекші , көп балалы жанұялардағы - аға мен іні , бауыр мен қарындастар, апалы-сіңілілі жандардың бір- бірлерін сыйласудағы қарым-қатынастарының педагогикалық әсерлерінің маңызы ерекше екенін ұмытпағайсыздар!

· Әр бір бала жеке тұлға сондықтан баланы құрметтей және сүйе білу жөн
· Ата баланы анаға немесе ана баланы атаға сілтеуге болмайды. Ешқандай бала кемшіліксіз блмайды, әр баланың өзіне тән қасиеті, адамгершілік қасиеті бар.Сол қабілет пен қасиетті бағалай білген жөн.
· Орындаған істерін көтермелеп, орындамаған істерін дұрыс жазалай білу керек.Баланың әр бір талабын мақтай білу керек.
· Әр балаға алдымен мақсат қоюға үйрету керек.
· Баладан бір істі талап етудің орнына одан үлкендерше ақыл сұрау керек.
· Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс, бірақ еркіндіктің де шегі болады.
· Бір қатесі үшін баланы екі рет жазалауға болмайды.
· Бала не үшін жазаланғанын білуі керек.
· Балаға ескерту жасаған кезде қатал талап етудің қажеті жоқ.
· Ата-анамен бала бірін- бірі сөзсіз түсінуі керек,олар бір-біріне қимыл арқылы жұмбақ қояды.
· Бала сұрағына ұстамды және шын жауап беріңіз
· Баланың пікірі мен сынын шынайы қабылдаңыз
· Баланың өз бөлмесі немесе бұрышы болсын
· Балаңыздан өз жұмысын көрсететін стенд жасаңыз
· Ол шығармашылық жұмыс орындаса, жұмыс орнының шашылғанына ұрыспаңыз
· Оған қиын тапсырма беріп үйретіңіз
· Жұмыс нәтижесін жақсартуға көмектесіңіз
· Қалаға,қызықты демалыс орындарына апарыңыз
· Әр түрлі балалармен араласуына көмектесіңіз
· Өз балаңызды өзге баламен салыстырып,кемшілігін бетіне баспаңыз
· Оны төмендетіп, кемсітпеңіз
· Оны өз бетінше ойлауға үйретіңіз
· Оған қызықты ойындар, кітпаптар көп алып беріңіз
· Балаңызды армандауға,әр түрлі оқиға ойластыруға үйретіңіз
· Кіші жастан көп оқуына көмектесіңіз
· Әр күн сайын онымен отыруға уақыт табыңыз
· Қатесі үшін ұялтпаңыз
· Кез-келген жетістігі үшін мақтаңыз
· Отбасында кейбір мәселелерді шешуге қатыстырыңыз
· Жасы үлкен балалармен де араласып тұруына көмектесіңіз
· Балаңыздың жеке тұлға болуына көмектесіңіз
· Балаңыздың сана-сезіміне сене біліңіз
Теги:
admin