Қамқоршылық кеңесінің жоспары мен хаттамалары » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2019

Қамқоршылық кеңесінің жоспары мен хаттамалары

«Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ -сі
бойынша өткен қамқоршылық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ №1
«03» қыркүйек 2019жыл
Қатысқандар: "Қамқоршылық кеңес" мүшелері-9 адам, мектеп директоры Л.А.Чушекова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмағали Ш., мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Камашев С.Қ., әлеуметтік педагог Сатина Ж.Т.
Күн тәртібінде:
1. 2019-2020 оқу жылында "Қамқоршылық кеңес" жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту.
2. Нормативтік құжаттармен таныстыру.
3. Оқу жоспарын таңдау, сабақ кестесін бекіту.
4.Жаратылыстану цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту туралы.
5. Аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен, оқулықпен қамтамасыз ету туралы
1. Сөз алды: Тәрбие ісі меңгерушісі Қамашев С.Қ.-Мектебімізде 2016 жылдан бастап "Қамқоршылық кеңесі" жұмыс жасап келеді. Былтырға дейін "Қамқоршылық кеңес" мүшелерінің саны 7адамнан тұратын. ҚР білім

әне ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген "Қамқоршылық кеңес" жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің қағидаларына" сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер бойынша Қамқоршылық кеңес құрамы-9 адамнан тұрады және аталған қоғамдық орында ("Қаратұма орта мектебі және балабақша" КММ-сінде) қызмет атқаратын тұлғалар кеңес мүшелігіне кірмейді. Оқу жылы басында төмендегі тізімдегі адамдардан ұсыныс түскен болатын :
1. Маймышев Серік Жаркенович
2. Қайрашева Гүлжан Ескендировна
3.Құрманғалиева Айгерім Аманғалиқызы
4. Тугурова Маржан Турсунбековна
5. Зыкаева Кулсумхан Зиядановна
6. Бакимбаева Лаура
7. Алекпаева Алтыншаш
8.Слямов Кадирхан Абенович
9. Кокенова Айсұлу

2.Сөз алды: Әлеуметтік педагог Сатина Ж.Т. : ендігі кезекте осы отырыста лауазымдық міндеттерді бекітсек, өздеріңіз өз ұсыныстарыңызды ортаға салыңыздар.
Сөз алды: .- Қамқоршылық кеңестің төрағасына мен Маймышев Серікті ұсынамын. Өйткені ол ол өте жауапкершілігі мол адам екенін білемін.
Сөз алды: Слямов Кадирхан -орынбасарлығына Қайрашева Гүлжанды ұсынамын. Осы жұмысты жақсы атқара алатындығына сенімдімін, өйткені ол жауапты, ұқыпты адам.
Сөз алды: Қайрашева Гүлжан- мен хатшы болуға ұсынамын.
2-мәселе бойынша Камашев С.Қ. "Қамқоршылық кеңестің" жаңа ережесімен жалпылама таныстырып өтті.
3- мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмағали Шұғыла 2019-20 оқу жылындағы оқу жұмыс жоспарына тоқталып өтті. Бастауыш саты - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 ж 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы№192 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарымен жүзеге асырылады.
5-8 сыныптарда білім беру процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы№192 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
9-11 сыныптарда"ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы№500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
1-2-3,4 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес 5 күндік оқу жүктемесіне көшіріледі.
4- сұрақ бойынша сөз алды : директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмағали Шұғыла.: Қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесі де жетіліп, жаңа қырларын ашуда.бұл оқытудың құзіреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуіне жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеу, жүзеге асыруды және оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы ең маңызды тіл-ағылшын тілі болып саналады, сондықтан да кіріктіріп оқытудың негізін ағылшын тілі сабақтары алады.Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндер мен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға , химиялық элемент терминдерін ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде "Үштілділік" ұлттық жоба аясында білімін дамытуға болады. Келесі оқу жылында біздің мектепте информатика пәнінен кіріктірілген сабақтар өтетіндігі ата-аналарға толығымен түсіндіріліп айтылды. Біздің мектепте биология және информатика пәндері сабақтарында терминология ағылшын тілінде оқытылатын болады.
5. Сөз алды: әлеуметтік педагог Сатина Ж.Т. тегін ыстық тамақ ішетін оқушылар тізіміне қандай әлеуметтік санаттағы оқушылар енгізілуге құқылы екендігі туралы айтып өтті. Аудандық жұмыспен қамту орталығының берген анықтамасы бойынша мектебімізде 50 оқушы тегін ыстық тамақен қамтылуға құқығы толықтай бар
Сөз алды кеңес төрағасы С. Маймышев: Дұрыс, анықтамасы жоқ болса да көп отбасыларға әлеуметтік көмек қажет ., мысалы көп балалы отбасыларға- 4,5,6 бала тірбиеленіп отырған, жалғызбасты аналардың балаларына, қамқорлықтағы немесе жартылай жетім балаларды қамту керек деп санаймын. .

Сатина Ж.Т.кеңес мүшелері мен жиналысқа қатысушыларды оқулық мәселесімен таныстырып өтті. Оқулықтар барлық сынып оқушыларына жеткілікті екендігін айта келе, аз қамтылған отбасы балалары және үйден оқитын 2 оқушы, қамқорлықтағы 4 оқушы бірінші кезекте барлық оқулықтармен қамтамасыз етілгендігі туралы айтты.

Шешім:
1. "Қаратұма ОМ және балабақша" КММ бойынша Қамқоршылық кеңес "Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізілсін. 2019-2020 оқу жылында Қамқоршылық кеңес қағидаларына сәйкес құрамы төмендегі 9 адаммен бекітілсін.
1. Маймышев Серік Жаркенович
2. Қайрашева Гүлжан Ескендировна
3. Бақытжан Манат Бақытжанұлы
4. Тугурова Маржан Турсунбековна
5. Зыкаева Кулсумхан Зиядановна
6. Бакимбаева Лаура
7. Алекпаева Алтыншаш
8. Слямов Кадирхан Абенович
9. Улукпанова Гульмира Самыковна
2.Қамқоршылық кеңес жұмысы нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылсын.
3.Білім және ғылым министрлігінің шығарылған үлгілік оқу жоспарын негізге ала отырып , мектептің оқу жоспары қабылдансын. Вариативті сағаттар ішінен 3-11 сын. IT сыныптар қосымша сағаттар есебінен берілсін.
4. Жаратылыстану бағытындағы пәндердің ағылшын тілінде оқытылуына байланысты ата-аналар үшін түсіндірме жұмыстары жалғастырылсын.
5. Мектептегі аз қамтылған отбасынан шыққан 50 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілсін. Оқушылардың жеке бас құжаттарын дайындау әлеуметтік педагог Ж.Т.Сатинаға жүктелсін.
Мектептегі аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар тегін оқулықпен қамтылсын. Оқулықпен қамтамасыз ету сынып жетекшілері және мектеп кітапханашысы А.А.Абылхановаға жүктелсін.




Мектеп директоры: Л.А.Чушекова
"Қамқоршылық кеңес" төрағасы: С.Ж.Маймышев
Хатшы: А.С.Урунбаева
Теги:
admin