Оқушылар ережесі
Оқушының негізгі міндеттері Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті. Мектепте оқуға, білім алуға, сабаққа кешікпеуге, сабақты себепсіз босатпауға міндетті. Таза, ұқыпты киініп, сабаққа керекті құрал - жабдықтармен келуге міндетті. - Сынып жетекшінің - Пән мұғалімінің - Кезекші мұғалімнің - Кезекші әкімшіліктің - Педагогикалық кеңестің - Мектеп кеңесінің ауызша және жазбаша бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға міндетті.