Денсаулық күні » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
сентябрь
2018

Денсаулық күні

Денсаулық күні
Қыркүйектің 15-інде «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» ұранымен салауатты өмір салтын насихаттау негізінде «Денсаулық күні» ұйымдастырылды. Мәдени-спорттық шараны мектеп директоры Л.А.Чушекова құттықтау сөзімен ашты.10-11 сынып қыздарының дайындаған флеш-мобы жарысқа қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.
Мәдени-спорттық іс-шараға мектептің барлық оқушыларымен қатар , мұғалімдер, техникалық қызметкерлер жұмылдырылды. Дене шынықтыру мұғалімі М.Жұмабеков жүгіруге арналған қашықтықтарды хабарлады. 1-11 сынып оқушылары 800-2000 м аралығында қашықтықтарда жүгірді. Оқушылардан соң мектептің ер адамдары және әйел адамдары да бұқаралық жүгіріске қатысып, оқушыларға үлгі бола білді.
Жарыс соңында барлық жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған бастауыш сынып оқушылары ауылымыздың мақтанышы спортшы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, шаңғышы Ракишева Айшаның қолынан марапаттау қағаздарын алды.
«Денсаулық күні» фестивалі барлық оқушыларға, техникалық қызметкерлер мен мұғалімдерге, ауыл тұрғындарына кереметтей жігері мен күш сыйлай білді.
Денсаулық күні
Денсаулық күні
Денсаулық күні
Денсаулық күні
Денсаулық күні
Денсаулық күні