Мектеп тарихы » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2019

Мектеп тарихы

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім», -деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім-барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. Әрбір жеке тұлғаның болашағы өмір мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
          Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселелердің бірі білімді де, іскер ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру.  Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратұма ауылындағы «Қаратұма орта мектебі және балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»  егеменді еліміздің өскелең ұрпағын оқытып тәрбиелеуде атқарып жатқан игі істері белгілі.
Өткен тарихқа саяхат жасайық.Мектеп ғимаратының  көлемі  29023м3.
Мектептің алғашқы іргетасы 1954 жылы қаланып, Киров мектебі ашылды. 7 жылдық мектеп қазіргі Абай көшесіндегі № 39 үйде орналасқан болатын. Ол мектеп бар болғаны 3 кабиентінен ғана тұрған. 1 бөлмеде мектеп директоры мен мұғалімдер бөлмесі бірге болған. 2-бөлмеде орыс сыныптары, 3-бөлмеде қазақ сыныптары орналасқан.1959 жылы жаңадан салынып жатқан мектеп ғимаратының бір қанатына көшірілді.
Халыққа елеулі еңбек етіп, оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруде әр уақытта мектепті басқарған мектеп директорлары:
1.1954-1957жж.- Чернушкин И.В.
2.1957-1969жж.- Руденко И.В.
3.1969-1972жж.-Иманғалиев Е.И.
4.1972-1988жж.-Долгейко А.М.
5.1988-1995жж.-Иманкулова К.С.
6.1995-2002жж.-Жұрқабаев М.Ғ.
7.2002-2018жж.Жанабеков М.Н.
8.2018 жылдан бері Чушекова Л.А.
  Ауылда 2011 жылы 320 оқушыға арналған мектеп ғимараты заманауи үлгімен іргетасы, 2012 жылы пайдалануға берілді. Мектептің ашылу салтанатына сол кездегі ҚР Мәдениет министрі М.А.Құл-Мұхаммед қатысқан болатын Мектептегі пән кабинеттерінің саны 31, солардың ішінде шәкірттердің компьютер үйреніп, еркін  пайдалануына мүмкіндік беретін екі бөлме бар. Әр пәнді терең үйретуге мүмкіндік беретін арнайы оқу бөлмелері өздерінің кеңдігімен, сәулеттілігімен ерекше көз тартады.   Мектепте  2 шеберхана, 1 спорт залы бар. «Ас – адамның арқауы» демекші, мектеп асханасында үзілістерде дәмді тамақ ішуге болады.  Мектеп асханасында    120 оқушыға арналған орын бар. 
         Ақпараттық ресурстарға тоқталсақ, мектепте 1 компьютер кабинеті және 1 ІТ-
сынып кабинеті бар. Кабинет интернет желісіне қосылған. Ақпараттандыру технологиясын үйрету барысында мұғалімдерге семинар, курстар өтіледі. Ақпараттық ресурстар орталығы іске қосылған. Информатика сабақтарынан басқа Интернетті электронды оқулықты қолданып, мұғалімдер өздерінің компьютерлік сауаттылықтарын ашуға мүмкіндіктері бар. Оқушылардың дебатқа, ғылыми жұмысқа, пән сабақтарына қажетті материалды Интернет ресурстары арқылы алады.
         Соңғы жылдары мектептің педагогикалық ұжымы ақпараттық технологияларды белсене меңгеріп, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда. Мектепте екі компьютер сыныбы және мультимедиялық сынып бар. Информатика және мультимедиалық кабинеттердің мүмкіндіктері жан-жақты қолданылады. Мектепте электрондық оқулықтармен, мультимедиалық кабинеттің мүмкіндігі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ғылыми жоба материалдарын іздеу барысында, олимпиадаға дайындық, ҰБТ-ке дайындық,  ЖОО-на түсуге дайындық кезінде, электрондық пошта арқылы ғылыми-практикалық конференция материалдарын, тапсырыстарды жіберуде, сырттай мектептің тапсырмаларын жіберуде қолданылады. Соңғы жылдағы қолданылған мүмкіндік дистанцияалық оқу болып табылады.Интернет жүйесін оқушылар мен мұғалімдер ғылыми  жоба материалдарын іздеу барысында пайдаланады. 
Теги:
admin