Мектебіміздегі "Абайтану" кабинетінің ашылуы » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2020

Мектебіміздегі "Абайтану" кабинетінің ашылуы

"Қаратұма ОМ және балабақша" КММ-де 2 наурыз күні Абай бөлмесінің ашылу салтанатына Үржар ауданының әкімі Н.Т.Токсеитов қатысты. Ашылу лентасын қиюды аудан әкімі Н.Т.Токсеитов өзі кеңесшісі М.Бітімбаев пен ауылдың ақсақалы А.Увалиевке тапсырды. Мектептің кіре берісінен бастап оқушылар Абай өлеңдерін оқып қарсы алды, үшінші дәлізге дейін әр жерге әртүрлі нақышпен орналасқан оқушылар Абай өлеңдері мен әндерін орындады. Кабинет ішінде Абай рөліндегі ұстаз М.Жумабеков қара сөздерден үзінді оқып, төрт мезгілге киінген 1-ші сынып оқушылары Жазғытұры,Жаз,Күз,Қыс деген өлеңдерін оқыды. Оқушыларды Ұлы Абайдың өсиет-ақылымен тәрбиелеу мақсатында ашылған "Абай" кабинеті екі бөлімнен тұрады. Бір жағында Абай заманының көрінісі көрсетілсе, екінші бөлігі Абайдың шығармалары мен оқу залына арналады.










Похожие публикации:

05 январь 2020 Іс-шаралар
04 январь 2020 іс-шаралар