Оқуға құштар мектеп » "Каратуминская средняя школа-сад"
Абай облысы
білім басқармасы Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаратұма орта мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2021

Оқуға құштар мектеп

«Оқуға құштар мектеп» жобасы сәтті іске асатын болса, еліміздегі ақын-жазушылардың кітаптары көптеп басылып шығып, ел арасына кең тарайтыны анық. Бұдан кейін ел арасындағы «жастар кітап оқымайды» деген әңгімеге нүкте қойылатыны анық. «Оқуға құштар мектеп» жобасы алдағы уақытта кітап оқуға құмар ұлт деген мәртебелі атымызды қайтаруға септігін тигізетін маңызды бастама болып тұр.Осылайша, ҚР Білім және ғылым министрлігі көптен бері қоғам назарынан тыс қалған мектептегі кітапханалардың жағдайын жақсартуды алғаш рет қолға алып отыр. Бұл өз кезегінде елімізде ұлтжанды, патриот жастардың санын арттыра түсетін маңызды шара деп есептейміз."Қаратұма орта мектеп-балабақшасы" КММ-сінің кітапханасында «Екілік ағашы» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты - жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.
Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылған акцияға он беске жуық кітап сыйға тартылды.