26
февраль
2019
Жаңа білім алу-уақыт талабы!
Жаңа білім алу-уақыт талабы!
Елбасымыз биылғы жылды «Жастар жылы» деп белгілеп отыр. Осыған орай «Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ-сінде «Спорттық роботтар» тақырыбында мектепішілік чемпионат өтті. Оған мектептен 5 команда қатысты. Чемпионат 6-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Жарыс төрт санаттан тұрды, «Сызық бойымен жарыс», «Сумо», «Кегельринг квадро», «3D модельдеу». Оқушылар жарыста өздері жинап құрастырған роботты көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге оған спорттық қасиеттер берді. Әсіресе, көрермендер үшін қызықты болғаны шаршы алаңда өздерінің күштерін көрсеткен робот-сумошылар мен сызық бойынша жарыста шапшаңдығын көрсеткен роботтардың қимыл-қозғалысы болды.
Мұндай шаралар талантты жастарды анықтауға мүмкіндік береді. Шығармашылықтарын шыңдайды. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, жоғары техникалық бұйымдарды ойлап табуға бейімделеді. Робототехника саласында бұл чемпионат өзге спорттық жарыстар сияқты көрерменге де, қатысушыға да ерекше әсерлі болды. Жарыс соңында жоғары өнер көрсеткен қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ-сі
Кынырбекова Т.Ж.