01
май
2020
Абайтану кабинеті
"Қаратұма орта мектебі және балабақша" КММ-сінде Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойы қарсаңына орай Абайтану кабинеті ашылды. Абайтану кабинетін ашудағы мақсат өскелең ұрпақтың Абай мұрасымен сусындап өсуі. Кабинеттің "Абай мұрасы-тәрбие діңгегі" деген бөлімінде ақынның өлеңдер жинағы мен қара сөздері, Абайды әлемге танытқан заңғар жазушы М.О.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы кітаптар сөресінен орын алған. Кабинеттің екінші бөлігін Абай мұражайы десе де болады. Онда қазақ халқының тұрмыста пайдаланған барлық заттары шоғырланған.Оқушы өз ұлтының құндылығын көзімен көрсін, қолымен ұстасын деген мақсатта орналастырылған. Мектепте ашылған кабинет Үржар ауданының мектептерінің атынан облыстық конкурсқа қатысты.Нәтижесінде "Ең үздік оқу-әдістемелік кабинет" бағамымен иеленді. Бүгінгі таңда кабинет ұстаздар мен шәкірттер үшін оқырмандар залына айналған.
Теги:
admin